Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әсем» балалар үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Шара барысында мешіт ұстазы әрі сектор басшысы Бақытгүл Айтқалиқызы мекемедегі жас жеткіншектерге оқуға қажетті құрал –жабдықтар үлестірді. Сонымен қатар, кір жуғыш машинасын сыйға тартты. Қайырымдылық шарасына арнайы келген «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы балаларға білім алудың пайдасы жайында уағыз-насихат айтып, алда келе жатқан білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ, балаларға жемістер мен тәттілер үлестірілді.
Пікірлер