Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Намаздағы тұрақтылық» атты рухани жиын болып өтті. Шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова және коуч-тренер Ғалия Оралбай арнайы қатысты. Рухани кешке жиналған қыз-келіншектер бес парыздың бірі саналатын ұлы құлшылық - намазға қатысты түрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, уағыз-насихат тыңдап, құлшылықтағы тұрақтылық пен тиянақтылық хақында ақпаратпен сусындап қайтты.
Пікірлер