ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай ауданында «Қамқор-Шарапат» бағыты бойынша бес шақырым жол жөнделіп, ел игілігіне берілді. Абай аудандық мешітінің имамы Асқат Қанай және мешіттің құрметті ақсақалы Алпыс Нұрбеков бақылу-басқару бағыты бойынша «Қараған» қорымына ат басын бұрып, атқарылған сауапты іске куә болып қайтты.
Бұл игі іс жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Үш адамның артынан өшпес сауап барады.Соның бірі, кімде-кім жол соғып, дүниеден өтсе, сол соққан жолынан әрбір жүрген адамның әрбір қадамына берілген сауаптың бір бөлігі сол жолды соққан адамның артынан барып тұрады»,- деп айтылған. Алла Тағала игі істеріміздің сауабын еселеп жазсын!
Пікірлер