Жаңа оқу жылына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Шара барысында мектеп жасындағы 400 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Игі шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Джарымбетов Мұхит шара барысында жас жеткіншектерді келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, берекелі шараның өтуіне ат салысқан жомарт жандарға ризашылығын білдірді.
Облыстық «Әнет баба» мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын табуда.
Пікірлер