Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхан мешіті шәкірттерге тәттілер үлестірді
10 тамыз, 2022 жыл 308 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде Құран үйреніп жүрген бала шәкірттердің білімге деген ынта-жігерін арттыру мақсатында өтіп жатқан игі шаралар жалғасын тауып келеді.
 
Бүгін Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы жас шәкірттердің басын қосып, уағыз-насихат жүргізді. Мұсылман адамның білім алуы мен өз қоғамына пайдасын тигізудің мән-маңызына тоқталып, шариғи сауатты болумен қатар зайырлы білімдерді игеру заман талабы екенін түсіндіріп өтті.
 
Көркем түрде жеткізілген насихат соңынан балаларға арнайы әзірленген тәттілер үлестірілді. Қуаныштан жүздеріне күлкі үйірілген бүлдіршіндер үйренген Құран аяттарын бір-бірлеп шығып жатқа айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары