Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде бала шәкірттерге Құран үйрету сабағы жалғасып келеді. Төрт топқа бөлінген шәкірттерге мешіттің ұстаздары күн сайын дәріс өткізіп, балалардың демалыстарын үнемді пайдалануы үшін ат салысып келеді.
Осы орайда Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес мешіт ұстаздары шәкірттерін бір сәтке серпілту мақсатында оларға балмұздақ сыйлап, таза ауада футбол ойынын ұйымдастырды. Балалар табиғат аясында бой жазып, бір-бірімен етене араласуға мүмкіндік алды. Кішігірім спорттық сайыс олар үшін тартысты да қызықты өтті.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде жалпы саны 60-қа жуық шәкірт Құран үйренуде.
Пікірлер