ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамының жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, демеушілік көмек көрсеткен жомарт жандар облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттарды қасиетті жұма күні мешітке жиналған қалың жамағат алдында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей табыстап, Өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер