Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ БАЛАЛАРЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ
12 шілде, 2022 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Теміртау орталық мешіті балаларды қуантты 
 
Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешіті Құрбан айт мерекесіне орай балаларға сыйлық жасады. Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған мешіт имамдары бүлдіршіндерге жалпы діни мерекелердің мән-маңызын түсіндіре келе, арнайы дайындалған сыйлық қорапшаларын үлестірді. 
 
Алла үйіне балаларын ертіп келген ата-аналар да бұл бастаманы қолға алып отырған мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 
 
Айта кетсек, аталмыш игі шара мұсылман мерекелерінің қуанышын балаларға сезіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары