Теміртау жамағаты Құрбан айт намазын оқыды
Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітінде жамағатпен Құрбан айт намазы оқылды.
Теміртау қаласының имамдары Естай Айтуғанұлы мен Елдос Жұмаділда мешітке жиналған жамағатты исі мұсылман қауымның айтулы мерекесімен құттықтай келе, Құрбан айттың қадір-қасиеті жайында уағыз айтты. Артынша жамағатпен намаз оқылды.
Сондай-ақ, көпшілікпен дұға жасалып, ізгі тілектер айтылды. Мешітке келген ақсақалдар елге ақ батасын беріп, Теміртау жұртшылығы бірін-бірі қасиетті мерекемен құттықтады.
Пікірлер