Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ-ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
08 шілде, 2022 жыл 338 Басып шығару нұсқасы

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын!

 Қасиетті де, қастерлі Құрбан айт мейрамына аман-есен жеткізген Раббымызға сансыз шүкірлер болсын! Құрметті қарағандылықтар, қадірменді бауырлар! Баршаңызды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – жүрекке жылу сыйлайтын, жер жаһандағы адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратын күн. Адамзат баласы бұл күні құлшылық, ғибадаттарын арттырып, құрбандық шалу сияқты сауапты істерімен Аллаға жақындай түсуге ұмытылады. Құрбан сөзінің өзі араб тілінен аударғанда «жақындау» деген мағынаны береді. Әлем мұсылмандарының басы бір жерде қосылып, қажылық парызын өтейтін де осы кез.

Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!

 

Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей! Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей! Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!

Өмірзақ қажы Бекқожа

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары