Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Continent» тамақтану орны сертификатталды
28 маусым, 2022 жыл 134 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласындағы «Continent» қоғамдық тамақтану орны  Халал Даму ЖШС – ның  сертификатын иеленді.

Қарағанды облысы бойынша жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Continent» ЖК кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары