ҚАРАҒАНДЫ: «Ushtobe Qus» құс фабрикасы сертификатталды
Қарағанды қаласындағы құс етін өндіруші «Ushtobe Qus» құс фабрикасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
Технолог және шариғат мамандарының қатысуымен құс фабрикасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, құстың жем-азығынан бастап, сою, ет өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау процесстерінің халал стандарт талаптарына сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, құс фабрикасы қасапшылары мен өзге де қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары өткізілді. Нәтижесінде, «Ushtobe Qus» сауда белгісімен шығарылатын құс еті өнімдері «Халал өнімдерін өңдіруге, сақтауға тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» және «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» стандарттары бойынша сертификатталды. Арнайы "ҚМДБ халал" сертификатын Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында ресіми түрде табыстады.
Пікірлер