Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ:ДӘРІС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ
03 маусым, 2022 жыл 330 Басып шығару нұсқасы

Теміртау: Дәріс қатысушыларына сертификат табысталды 
 
Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Намаз – жәннаттың кілті» атты он күндік дәріс-семинарына қатысқан шәкірттерге арнайы сертификаттар берілді. Табыстау рәсіміне Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мен аталмыш дәріске жетекшілік еткен Теміртау орталық мешітінің ұстазы Олжас Бейсенәлі қатысып, шәкірттерге білімдерін шыңдау жолында сәттілік тілеп, өз насихаттарын айтты. 
 
«Сіздердің білімге деген құлшыныстарыңызды арттыру мақсатында бүгін мешіт атынан кітаптар мен арнайы сертификаттарды табыстағалы отырмыз. Ізденіс жолындағы адам үшін кітап - жол нұсқаушы асыл қазына. Сол себепті кітап сіздердің жан серіктеріңізге айналсын. Әрқашан ізденуден жалықпаңыздар.», - деді Естай Айтуғанұлы. 
 
Айта кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаз Олжас Бейсенәлінің жетекшілігі негізінде намаз оқу және намаздағы қателіктерді түзету мәселесі бойынша он күндік дәріс-семинары өткізілетінін хабарлаған едік.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары