Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ЕСЕПШІСІ «ҮЗДІК ЕСЕПШІ» ДИПЛОМЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
30 мамыр, 2022 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

Шырайлы Шымкент қаласында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2021-жылды қорытындылауға арналған есепшілер жиыны өтті. Жиында еліміздің барлық облыс өкілдіктерінің бас есепшілерінің  2021- жылда атқарған іс-шаралары талқыланып, баға берілді. Үлкен басқосу барысында жаңа 2022-жылға жоспарлар белгіленіп, көптеген мақсаттар алға қойылды. Сондай-ақ, жиында еліміздің барлық өңірінде елеулі еңбек етіп келе жатқан есепшілердің еңбегі еленіп, алғыс хаттармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Жылдық айтулы жиында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас есепшісі Булатова Рымгүл Темірбекқызы «Үздік есепші» номинациясын иеленіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дипломымен марапатталды.  Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айында мешіттің қаржылық саласы бойынша жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, нәтижелі қызмет етіп, жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Арнайы алғыс хатты ҚМДБ-ның Бас есепшісі Лаура Тілеуханқызы табыстап, өзінің шексіз ризашылығы мен алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары