Қарағанды облысының есепшілерінің еңбегі еленді. Балқаш қалалық мешітінің есепшісі Самига Биішқызы және Сатпаев қаласының есепшісі Жанат Абдыбекқызы «Әнет баба» мешітіне арнайы ат басын бұрып, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Келелі кездесу барысында облыс бас имамы аймаққа қарасты қызметкерлердің елеулі еңбегіне өзінің айрықша алғысын білдіріп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, алдағы қызмет барысына сәттілік тіледі.
ihsan.kz
Пікірлер