ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінің ұйымдастыруымен барша Нұра ауданына қарасты 17 ауылдың шетіндегі мұсылман мазарларында тазалық жұмыстары өтті. Шараға мешіт қызметкерлері ұжымы және ерікті жамағат ат салысты. Құран бағышталып, дұға жасалды. Келген жамағатқа аудан имамы Ерлан Серікұлы ҚМДБ-ның “Қамқор шарапат” ЖШС-ның “Зират және зират мәдениеті” атты құжатымен таныстырып, мазар басын тазалау жұмыстарының қаншалықты маңызды һәм сауапты екенін айтып өтті.
ihsan.kz
Пікірлер