ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Ислам дінінің дамуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, бауырларымызды асыл дінімізге тартуда аянбай еңбек етуде.
Оның бір көрінісі ретінде аймағымыздағы Ислам дінін қабылдаушы түрлі ұлт өкілдері санының артуы мен адасқан жолдан тура жолға оралған бауырларымызды айтуға болады.
Осындай жарқын қуаныштың бірі – Қасиетті шәууәл айында Ислам дініне кіріп, дінімізді қабылдаған мұсылман бауырымыздың қатары Елизавета есімді азаматшамен толықты. Хақ дінді қабылдауға келген жанға «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат кәлима шахадатты айтқызып, Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді.
ihsan.kz
Пікірлер