Жезқазған Ахмет Ишан Оразайұлы мешітінің ұйымдастыруымен бейіт бастарында тазалық жұмыстары жүргізілді.
"Өліге құрмет тіріге міндет" дегендей, жыл сайын өткізілетін бұл іс-шараға көптеген қала тұрғындары белсене қатысты.
Қала белсенділері қоқыс тасымалдайтын техника алып келді.
Айта кететін жайт ел арасында қабір қазылғанда, бейіт көтерілгенде әкелінген құрылыс материалдары сол жерде қалу керек деген жомарттықтан пайда түсінік бар. Бірақ бұл жомарттық дұрыс реттелмей, сол әкелінген су жаңа материалдар, жабдықтар қолданылмағандықтан уақыт өте қоқысқа айналып жатады.
Осы олқылықтың шешімін халқымыз даналықпен табу керек.
Өзгеге пайдамыз тисін деп ысырапқа, обалға ұрынып жатуды доғару керек.
ihsan.kz
Пікірлер