Сегізінші мамыр күні Жезқазған қаласының имамы Омар Нурперзент қаламыздағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Артеменко Иван Кузьмичті біріккен елдердің ұлы жеңісімен құттықтап, хал жағдайын біліп, зиярат етіп шықты.
Иван Кузьмич Ленинград үшін болған шайқасқа қатысқан, жасақ басқарған пулеметші болды.
Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен және Маршал Жуковтан фашистік Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған.
Нұрперзент ұстазымыз ардагерге ел атынан рахмет айтып, ізгі тілектер білдірді. Мешіт тарапынан сыйлықтар және қаржылай көмек тарту етілді.
ihsan.kz
Пікірлер