Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рамазан айында Рамазан есімін иеленді
03 мамыр, 2022 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

Хақ Алла Тағаланың  адамзат баласына жіберген  нығмет, қуанышы ұшан-теңіз?! Әсіресе қасиетті Рамазан айында асыл дінді қабылдауға бел буғандардың қатары көбейді. Аллаға шүкір деп айталық, өз ықылас еріктерімен мешітке келіп, имам, ұстаздардан кеңес сұрап жатқандар да баршылық.

Осы қуанышты орайда, Шахан кенті тұрғыны Паша Дударев өзінің Ислам дінін қабылдаймын деген шешімге келіпті. Тарауих намазынан соң, мешіт имамы Арман Изтелеуов кәлима шаһадат айтқызып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті бойынша құлағына азан шақырылып, мұсылманша Рамазан есімі берілді. Сондай-ақ Исламның алғышарттарын,  жалпы асыл діннің құндылығы жайында насихат етілді.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары