Балқаш қалалық мешітінде айт намазы оқылды.
Таң намазынан кейін айт намазына ниет етіп келген жұрттың нөпері толассыз болды. Өңір имамы Төлтаев Ербол намаз алдында айт меркесі ұлық мереке тақырыбы бойынша арнайы уағыз насихат айтты. Имамның уағызынан кейін ораза айт намазына арнай келген Балқаш қаласының әкімі Ораз Қайсай мырза барша жиналған қауымды айт мерекесімен құттықтап, елдің амандығын тілеп ,жылы лебізін айтып,айт намазына қатысты. Намаздан кейін мешітке келген барша жамағатқа айт қабыл болсын деп, мешітте арнайы дайындалған ыстық палау мен бауырсақ балаларға арнайы дайындаған тәтті тоқаштармен кәмпит салынған айттық сөмке таратылды.
Осылайша айтқа келген жас кәрісі, үлкен –кіші бәрі де мәре-сәре болып,
Бір-біріне айт қабыл болсын деп, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.
Жалпы , Балқаш қалалық мешітіне айт намазына 1000 ға тарта адам жиналды.
ihsan.kz
Пікірлер