Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау жұртшылығына «Рамазан сыйы» жасалды⠀
01 мамыр, 2022 жыл 215 Басып шығару нұсқасы


Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешіті мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған бастама негізінде «Рамазан сыйы» атты ауқымды қайырымдылық шарасы болып өтті.⠀

Қасиетті айдың құрметіне 250 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылып, қаржылай көмек көрсетілді. Мешіт жанынан құрылған «Sauap» еріктілер орталығы азық-түлік салынған арнайы сөмкелерді мұқтаж отбасылардың мекен-жайларына дейін жеткізіп берді.⠀

Сондай-ақ, Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы жиналған жұртшылықты алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. ⠀

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шарасы пітір садақасының есебінен жүзеге асып отыр.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары