Қарағанды облысы Абай аудандық орталық мешітінде Рамазан айында тарауық өткізіп, құран хатым оқыған қариларға құрмет көрсетілді. Соңғы тарауық намазына жиналған жамағат алдында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы қариды өз атынан және мешіт жамағаты атынан Алғыс хатпен марапаттап риясыз алғысын білдірді. Сонымен қатар мешіт ақсақалдары қариларға рақмет айтып қазақы дәстүрмен шапан жапты. Мешіт жамағаты атынан жиналған садақаны Нұржігіт ақсақал шәкірттерімен келген Муллоев Абдужаппарға табыстады. Мешіт ақсақалы Алпыс қажы ақ батасын берді. Өз кезегінде жамағатта қариларға риза болып Рамазанмен қимай қоштасты.
ihsan.kz
Пікірлер