Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы Қасиетті Құран Кәрім түскен ай. Сол себепті, бұл айда тарауық намазында Құранды бастан-аяқ хатым қылып шығу –үмбеттің жақсы дәстүріне айналған. Осындай игі шара Саран қалалық мешітінде жүзеге асып,Қадір түні қарсанында Құран хатым батасы жасалды. Мешіт имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы жас қариларға алғысын айтып, сый-құрмет көрсетті. Ақсақалдар мен жамағат ыстық лебізін білдіріп, қариларды шығарып салды.
Сонымен қатар қадір түні кешінде бірнеше игі шаралар жүзеге асты. Мешіт имамының бастауымен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 50 мұқтаж отбасыға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді және арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Сондай-ақ мешіт имамы Саликов Мұхаммедқали қажы "Саран газетінен" келген өкілдерге сұхбат беріп, рухани кеш барысында жасалып жатқан іс-шаралардан хабар берді.
Және де мешіт асханасында 200 адамға ауызашар 300 ге жуық адамға сәресі дастарханы жайылды. Мұхаммедқали қажы жиналған жамағатқа "Қадір түнінің қасиеті " жайлы уағыз-насихат айтып, Қадір түнінде арнайы жамағатқа дастархан жайып , қайырымды істер жасап жатқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер