Теміртау: Қадір түнінде 3000 адамға сәресі берілді
Сауабы мың жылға татитын берекелі түнді барынша құлшылық-ғибадатпен әсемдеп, уағыз-насихат тыңдап, тағылымды өткізуге тырысқан Теміртау жамағаты Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіт пен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітте сәресін ішіп, ауыз бекітті. Екі мешітте де Қадір түніне келген 3000-нан астам жамағатқа арнап сәресі дастарханы жайылды. Игі шара мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қайырымды жандардың көмегі арқылы жүзеге асты.
Қадір түнінде Алланың үйінде құлшылық жасап, уақыттарын тиімді өткізген жамағат таң намазын оқып, дұға-тілектерін жасап тарасты.
Ihsan.kz
Пікірлер