Мың айдан да қайырлы сипаты бар Қадір түнінің берекесі жаусын баршаңызға.
Әл-Машани мешітіндеміз. Аллаға ниет еткен жамағаттың қарасы қалың. Тарауық намазын оқыдық. Құран хатымға ұйыдық. Енді, уағыз тыңдап отырмыз.
Айтайын дегенім, әл-Машани мешітінің бас имамы Жанболат Қошкелді ағамыздың Аллаға алақан жайып сұраған дұғасы жайында. Жарты сағатқа жуық елдің амандығына, діннің тұтастығына дұға етті. Жылап сұрады, бізді де жылатты…
Ел қорғаған баһадүр бабалардың руһына, Алаш арыстарына, Желтоқсан құрбандарына, Қаңтар оқиғасында көз жұмған шаһидтерге құран бағыштады.
Тағы да жылап тұрып…
Жүрекпен оқыды. Ұстазға Алла разы болсын. Дұға етіп болған жамағат ұстаздың бата-дұғасына өзара ризашылық білдіріп жатыр. Жүрек қозғады, көңіл тербеді деп…
Тамаша руһани кеш болып жатыр. Мешіт жанында жамағатқа сәресі беріледі. Алты қазан палау пісірілуде.
Алла ниет-тілектеріңізді қабыл етсін, ағайын!..
Қасымхан ҒАЛЫМ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Пікірлер