Отыз күн ораза ұстаған әлемдегі барша мұсылмандарға Қадір түнін қарсы алу ерекше қасиетті. ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті қадір түнінің құрметіне арналған рухани кеш басталып кетті.ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған барша мұсылман қауымды қасиетті қадір түнімен құттықтады. Берекелі кеште облыстық мешіт қадір түнін ерекше ыждаһаттылықпен қарсы алуға келген жамағатқа лық толы болды
Өңірдегі «5 арна», «1 Қарағанды», «Сарыарқаы» телеарналарынан арнайы келген түсірілім тобы берекелі түнді көк жәшік арқылы халықпен бөліуге келді. Алдағы уақытта мешітте тарауық намазы оқылып, Құран хатым дұғасы жасалмақ. Сондай-ақ, уағыз-насихаттар айтылып, рухани кешке жиналған жамағатқа викториналық сұрақтар ұйымдастырылмақ.
Пікірлер