Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әдемі әуезді азаншы» атты іріктеу сайысы өтті
26 сәуір, 2022 жыл 671 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әдемі әуезді азаншы» V республикалық азаншылар жарысына облыс бойынша іріктеу сайысы өтті.

Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған іріктеу сайысына Қарағанды облысының барлық аудандарынан үміткер қатысты.

Бірінен бірі өткен, азанды жүректерге жеткізе білген үміткерлердің ішінен жүзден жүйрігін анықтау оңай болған жоқ.

Қазылар алқасының шешімен Теміртау қаласының  атынан келген Асхат  Темірханов 3-орын иегері атанса, Жаңаарқа ауданынан келген Орал Есбол  2-орынды қанжығасына байлады. Ал 1-орынды Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің азаншысы  Сағындық Ахмедиянов жеңіп алды.

«Әдемі әуезді азаншы» атанған жеңімпаз Алматыда өтетін республикалық азаншылар додасына жолдама алды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары