Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Happy Cake» кондитерлік өнімдері сертификатын жаңартты
22 сәуір, 2022 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Happy Piе» ЖШС «Happy Cake» кәсіпорыны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатын жаңартты. Кондитерлік өнімдер «Happy Cake» сауда белгісімен шығарылады. «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдархманов кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады. «Happy Cake» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары