Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ АУЫЗАШАР ТҰРАҚТЫ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ
18 сәуір, 2022 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор да мейірімді Алла Тағала рамазанда ораза ұстаған адаммен ауыз бекіткеннің оразасын ашуға себепкер болған жанның да дәрежесін көтеріп қойған. “Бала қажы” мешітінде Алланың сүйген құлдарынан болуды үміт етіп, рамазандағы еселеген сауапты аңсап мешітімізде күнде ауызашар беріліп жатыр. Ауызашуға ақсақалдар мен қатар қарт апаларымыз да келеді. Өйткені мұнда тек ас ішіп қана қоймай, әртүрлі тақырыпта уағыздар айтылады. Жаның рахаттанып, руһың байып қайтасың. Жиналған жамаған тарауих намазын оқып бірақ тарқасады. Дастархан күнде жайылса да үстіндегі ас кемімей, керісінше береке дарып отыр. Ауызашар беруге асыққан жамағат та көп, шүкір. Алланың дінін шарықтатуда сауаптан үміт етіп, қайырымды істерге жұмылып отырған жамағатымызға Алланың берекеті жаусын дейміз. Қасиетті хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды мен ғана өлшеп, мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан ауыз исі мен үшін мисктен де артық»,- дейді. Рамазанда ауыз бекіткен жандарды осылай сүйіншілеген Алла Тағаламыз баршамыздың оразамызды қабыл етсін!

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары