Абай ауданы, Топар кентінде «Ихсан ілімі» кітабы бойынша дәрістер өз жалғасын табуда.
Мұнда мешіттің имамы Ақмағанбет Мурсали жиналғандарға ихсан бойынша толыққанды түсіндірме беріп, тақуалық – мұсылман баласының иманын бекемдейтін, ғибадатқа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән болған ізгі қасиеттерді нығайта түсетін қасиет екенін айтып өтті.
Сондай-ақ осы тақуалыққа кері әсер ететін қазіргі таңда қоғамда кең тарап кеткен – өтірік айту, ғайбат сөйлеу, тәкаппарлық сынды тақырыптарды да тілге тиек етіп, мұндай жаман әдеттерден аулақ болу қажеттігін насихаттады.
Жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Пікірлер