«Телпекбаева А.У» «ADAL DAMDI» ЖК Мұздатылған жартылай дайын өнімдеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификаты табысталды. Кәсіпорын тексерістен өту барысында «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды. Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жүргізді. Сертификатты Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Хумар табыстады.
ihsan.kz
Пікірлер