Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлы оразаның қасиеті турасында уағыз-насихат айтып, барша мұсылманды рамазан айымен құттықтады. Жиналған қауым оразаға ниетті екенін жеткізіп, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Бас имам Тарауих намазында Құран хатым оқу үшін «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының қариы Темірлан қариды жамағатқа таныстырды. Әуезді үнімен Алланың кәлемін нақышына келтіре оқыған жас қариды халық өте жылы қабылдады. Дүйім жамағат бірге тарауихқа тұрып, соңында суретке түсіп, мұсылмандардың бауырмалдығы сезілді. Алла Тағалам баршамыздың бірлігімізді арттырып, тұтқан оразамызды қабыл етсін!
Ihsan.kz
Пікірлер