Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ ЖАМАҒАТЫ БАС ҚОСТЫ
28 наурыз, 2022 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Абай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен "БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖАМАҒАТ" атты рухани кеш  болып өтті.  "Ислам-ынтымақ және бірлік діні" жылы аясында  өткен шараның негізгі мақсаты жамағаттын бірлігің бекіту. Шара барысында  ауыз ашарға дастарқан жайылып,  ас садақа жасалды. Рухани шараға  РАНТ мүшесі Теміртау қаласы "Жақып Ақбай" мешітінің имамы Жұмаділда Елдос Қуандықұлы мен Қарағанды облысы орталық "Әнет Баба" мешітінің ұстазы Рымкулов Сұлтан қатысты. Жиналған жамағатты әсерлі уағызымен баураған Елдос Қуандықұлы рамазан қарсанында оразаға байланысты  көкейде жүрген жамағат сұрағына жауап берді. Өз кезегінде облыстық мешіт ұстазы Рымкулов Сұлтан жиналған жамағаттын білімдерін шындау үшін сұрақ жауап жүргізді. Толыққанды нақты жауап берген жамағатқа ұйымдастырушы тарапынан әзірленген сыйлықтар үлестіріп берді. Сонымен қатар жиналған жамағатқа діни кітапшалар таратылды. Аталмыш шараға дән риза болған жамағат Абай ауданы имамына алғыстарың жеткізді. Рухани шарадан үлкен әсер алған жамағаттың атынан мешіт ақсақалдары Алпыс қажы қонақтарға қонақ кәде дәстүрге сай шапан жауып ақ баталарын берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары