Теміртау: «Дін мен дәстүр - халық қазынасы» атты мерекелік шара өтті⠀
⠀
Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні - наурыз мерекесіне орай «Дін мен дәстүр - халық қазынасы» атты мерекелік іс-шара болып өтті.⠀
⠀
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы Теміртау орталық мешітінің Әйел-қыздар секторы атқарып келе жатқан игі шаралар мен бастамаларды тілге тиек ете келе, жиналған қауымды төл мерекемен құттықтады.⠀
⠀
Сондай-ақ, жасы үлкен әжелеріміз дін мен дәстүрді ұштастыра келе тұсаукесер мен шілдехана рәсімін өткізді. Қазақтың әуезді күйлері күмбірлеп, домбыраның жарқын үні көңілдерді шаттыққа бөледі.⠀
⠀
Ұлттық салт-санамызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған игі шара барысында бүлдіршіндер Құран аяттарын жатқа оқыса, кимешек киіп, ақ жаулық тағынған көнекөз қарияларымыз жиналған көпшілікке ақ батасын беріп, еліміздің амандығы мен тыныштығын тіледі.⠀
⠀
Шара соңында келген қонақтарға арнайы дайындалған мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
Пікірлер