ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде көп балалы және жағдайы төмен отбасыларыға азық -түлік көмек көрсетілді.
Жетімнің басынан сипап, жоққа қол ұшын беру әдетте мұсылман үшін ең сауапты іске жататыны белгілі.
Балқаш қалалық мешітінің имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен өткен кезекті іс-шара осыған саяды.
Осы жолы 20 отбасына азық-түлік салынған сөмке үлестірілді.Жүректерге жылу ұялатып, балаларға күлкі сыйлап, жақсылыққа үнемі жаршы болып келе жатқан мешіт имамдарына аналар қауымы ыстық ықыластарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Сөз соңында бас имам қайрырмдылық бұдан әрі жалғаса беретінін айтып, жиналған барша отбасыларға амандық пен саулық , отбасылық бақыт тіледі.
ihsan.kz
Пікірлер