Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау орталық мешітінде дін мен дәстүрді дәріптейтін жиын өтті⠀
14 наурыз, 2022 жыл 314 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде дін мен дәстүр бағыты аясында жамағатпен алқалы жиын өтті. Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешіттің Бас имамы Елдос Жұмаділда халқымыздың әдет-ғұрпы бойынша Хамза мен Мұхаммед-Әмин есімді бүлдіршіндердің тұсауын кесті. ⠀

Сондай-ақ, жиынға қатысқан ауызы дуалы ақсақалдарымыз батасын беріп, балдырғандардың елімізге пайдасын тигізер иманды азамат болуларын тіледі. Дәстүрлі термешілердің құлақтың құрышын қандырар әуезді де мағыналы әндері одан әрі кештің шырайын кіргізді.⠀

Айта кетсек, Теміртау мешіттерінде жамағаттың бірлік-ынтымағын арттыратын рухани басқосулар үнемі өткізіліп келеді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары