Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дәстүрлі Ханифи бағытының құндылықтары
11 наурыз, 2022 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Ғалым Әбу Ханифаның асыл дінімізге сіңірген қызметі ұшан-теңіз. Әбу Ханифаның  ата-анасы да діндар, өте тақуа жандар болған. Әкесі жас жігіт шағында арықтағы сумен ағып бара жатқан алманы бір тістеп жегені үшін бағбаннан кешірім сұрап, кешірімін алу үшін оның қол астында қызмет етемін деп сұранған. Осындай тақуалығы үшін бағбан оған өмірінде ешқашан ұят нәрселерге қарамаған, ұят және балағат сөздерді естімеген, Алла тыйым салған нәрселерді ұстамаған, жаман жерлермен жүрмеген, жаман сөз сөйлемеген ибалы да тақуа қызын  жар етіп алуына рұқсатын береді.

Һижра жылының есебі бойынша 80-інші жылы (миләди 699 жылы) Ирактың Куфа қаласында атағы бүкіл әлемге әйгілі ғалым Әбу Ханифа дүние есігін ашады.  Оның азан шақырып қойған шын аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит әл-Куфи. Оның зерделі білімділігі мен пайым-парасаттылығын құрмет еткен халық «Әбу Ханифа», «Имам Ағзам» (Ұлық Имам) деп бір ауыздан атаған екен.

Бүгінгі таңда әлем мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанатыны хақ. Ханафилердің көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін толығымен басшылыққа алған.

          Ханифи мәзһабы – біздің өмір салт-дәстүрімізбен  бітеқайнасқан. Діни ауқымы зор мектептің бітім-болмысымызға тереңінен жайған, ұлттық  құндылығымызбен сабақтасқан.  Жалпылама айтқанда ,  Ханифи мәзһабы – қазақ мұсылмандығының алтын діңгегі, ажырамас қайнар көзі.

Әйгілі ғалым Әбу Ханифа: «Ең бірінші Құраннан үкім көрсем соны аламын. Құраннан таппасам Пайғамбардың хадистері мен сүннеттеріне қараймын. Пайғамбардың сүннеттерінен таппасам, сахабалармен бірлесе отырып ортақ келісімдермен шығарған үкімдерін аламын. Олардың арасында тартыс болған немесе біреулері келісіп, олардың арасынан жөн көргенімді қабылдап, жөн көрмегендерімді теріске шығарамын», - деп  өзінің үкім шығару тәсілімен түсіндірген. Үнемі іздену, ілім алу, білім жолында қайсарлық таныту - Ханафи мәзһабындағы құндылықтарын нығайта түседі. Ақын Міржақып Дулатұлы «Мен мұсылман» дегенмен іс бітпейді, бұл күнде жұрттың көбі дін күтпейді…», – деп өз туындысына қосып кеткен. Мұнымен ақынның айтпағы «мұсылманмын» деп ғана айта салудың орнына  Құран амалдарымен жүрудің пайдалырақ екенін жеткізген.

Ханафи мәзһабындағы құндылықтары  өзге мәзһабтардың үкімдерімен өзара салыстырғанда  өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, өзге мәзһабта шариғат бекіткен амалдарды орындамау қатаң  дінсіздікке баланады. Ханафи мәзһабында иман мен амал екеуі екі бөлек ұғым ретінде қарастырылады. Шариғат бекіткен амалдарды орындамау тек күнә іс саналып, бірақ, күпірлікке, дінсіздікке шығарылмайды. Ханафи мәзһабының бұл сенімділік көпшілік, яғни қараша халық үшін өте тиімді.

 

 

 

Қаншама ғасырлар бойы ислам діні  ата-бабаларымыз бір мазхабпен – бір жолмен, бір бағытпен, бір көзқараспен Хақ Тағалаға құлшылық-ғибадатын жасап келеді. Осыған дейін де: «Біз ең ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабынанбыз!» -деген  еді асыл бабаларымыз.  Кейінгі буын да  Ханафи мәзһабындағы құндылықтарының бір тармағымен ғана шектеліп қалмайды. Зор мақтаныш сезіммен насихат ету – бүгінде  мән-маңызын жоғалтпаған.  Иә, өз құндылығын жоймаған Ханафи бағыты, жолы ұрпақтан ұрпаққа тарала береді деген сенім мол.

Шахтинск қалалық

"Нұр" мешітінің имамы

Әсет Наурызбайұлы  Ибраев

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары