Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
09 наурыз, 2022 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау басталды.

Дәстүрге сай тағылымы мол байқау қасиетті Құран аяттарын оқумен басталса, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысушыларға сәттілік пен береке тілеп, ел амандығы үшін дұға жасады.

Құранның 5 пара, 10 пара, 20 және 30 парасын жатқа оқу номинациялары бойынша өтетін байқау екі күнге созылады. Бүгін байқау қатысушылары 5, 10 және 20 параны жатқа оқудан бақ сынаса, ертең Құранды толық жаттаған қарилар 30 параны жатқа оқудан өзара мықтыны анықтап, жарысты қорытындылайды. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 6 500 000 теңге.  

Сондай-ақ байқауға «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабай, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Серік қари Ахметов, Алматы қаласындағы «Қайрат» мешітінің ұстазы Арайлым Қуатова, Шымкенттегі «Ықылас» қарилар дайындау орталығы қыздар бөлімінің ұстазы Зейнеп Әбдірәсіл және қари-ұстаз Еңлік Қасымова қазылық етуде.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары