Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ҰСТАЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
08 наурыз, 2022 жыл 237 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне      Юсупбек Шұғайұлы ұстаз болып тағайындалды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақ мешітіне жиналған жамағат алдында жаңа ұстазды қызметке қабылдап, халыққа таныстырды. Сонымен қатар, алдағы дін үшін атқарар игі істеріне береке тілеп, ыстық лебізін білдірді.

Юсупбек Шұғайұлы 1988- жылы , 16 мамырда дүниеге келген .
Ұлты қазақ . Қазақстан Республикасының азаматы .
2008-2010 жылдар  аралығында Түркияның Стамбул қаласының мүфтилігіне қарасты "Иемин жәми " медресесінде білім алған . 
2014-2015 жылдары Мысыр араб Республикасы Каир қаласындағы " Нил " араб тілі орталығында оқыған .
2015-2017 жылдары  Каир қаласындағы Әл-Азһардың колледжын ( Сәнауия) тамамдаған. 
2018-2021 жылдары Әл-Азһар университетінің шариғат факультетін бітірген. 
2019-2021 жылдары Мысырдың Александрия қаласындағы " Дару әш-Шаһид " құран жаттау орталығында 
қасиетті Құранды толығымен жаттаған. Отбасылы, бір баланың әкесі

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары