Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
28 ақпан, 2022 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ  Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің  ұйымдастыруымен мешіт  шәкірттері арасында волейболдан жарыс өтті. Сайысқа  «Әнет баба», «Әл Машани», «Бала қажы», «Жақып Ақбай», «Ақтоғай» мешіті және «Харекет» қоры  командалары қатысып, бақ сынасты. Жарыс өте тартысты жағдайда, қызықты өтіп Теміртау қалалық  «Жақып Ақбай» мешітінің  командасы жеңіске жетті.

Спорт жарыстарын ұйымдастырудағы  мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жамағат пен шәкірттердің өзара ынтымақ-берекесін  арттыру болды.

Жарыс соңында жеңіске жеткен «Жақып Ақбай» командасына, және екінші орынды қанжығасына байлаған «Әнет баба» мешітінің командасына және кезекті үшінші орынға иеленген «Харекет» қорының командасына кубок табысталды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары