Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» АТТЫ КЕЗЕКТІ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
28 ақпан, 2022 жыл 289 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбын арқау еткен III республикалық имамдар форумы өткен болатын. Соған орай форумда қабылданған құжаттарды әсіресе  шалғайдағы дін қызметкерлеріне  таныстырып, оны кеңінен насихаттау мақсатында ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты қала аудан және ауыл имамдарының қатысуымен  «Жеті рухани қазық» атты кезекті семинар басталды.

Жиынның  шымылдығын ашқан облыс бас имамы Өмірзақ қажы  Қазкенұлы бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.

Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасында келген имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципіне жеке жеке тоқталды. Бұлар – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық екенін баса айтты.

Бір айта кететіні, аталмыш семинарда форумда қабылданған құжаттарды кеңінен насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп жатқаны айтылды.

Семинар барысында шалғайдағы дін қызметкерлерінің жұмыс барысына бағыт – бағдар беріліп,  ҚМДБ-нан жүктелген міндеттемелер мен тапсырмалардың маңыздылығын алға қойып,  түрлі бағыттар бойынша бірнеше мәселелер ортаға салынды.

Сондай-ақ, айтулы шаралардың жауапты мамандарына тапсырмалар  бекітілді.

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары