Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«АҚСАҚАЛДАР МЕКТЕБІНІҢ» ДӘРІСІ ЖАЛҒАСУДА
25 ақпан, 2022 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Бұрын соңды “ақсақалдар мектебі” дегенді естуіңіз бар ма?! Әрине сізге жат шығар. Бірақ, бүгінгі таңда білім іздеген қарияларымыз өте көп. Алланы танып, ислам дінін терең меңгеріп, тіпті Құранға түскісі келетін ата-апаларды көргенде қуанасың. Білімді іздеген сайын тереңге түсе бересің. Әрнәрсені білген сайын білмейтінің одан да көп екеніне көзің жете түседі. Сондайда Алланың құдыретіне таң қалып, мақтау-мадақ айтасың. Осындай білім нәріне сусындаған қаламыздағы кейбір қарттарымыз “Бала қажы” мешітіне келіп жүр. Аптаның әр дүйсенбісінде мешітте арнайы дәрістер өткізілуде. Бұл дәрістер жиынтығын “Ақсақалдар мектебі” деп ашып, қазір 20-жуық аталарымызға ислам діні тереңінен түсіндіріліп жатыр. Қарттар саны күн сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде өскелең елдің иманды, дінін, ділін танитын салиқалы ұрпақтың жетілуіне тікелей әсер етеді. Өйткені қазыналы қарты бар үйде Алла туралы, Оның құдыреті мен мейірімі туралы үздіксіз тәрбие берілмек. 

 

 

Жастайынан діни сауат алуға ол кездегі қоғамда мүмкіндік берілмеді. Сонымен ақталып, қазір оқуға қабілетім жетпейді деп жатқан қарттарымыз жоқ. Керісінше айта түс, бере түс, бізге үйрете түс деп білімге сондай ерекше ықылас танытылуда. Алланы танығысы келетін, пайғамбарды сүйгісі келетін, рухани сауатын ашқысы келетін жандарға мешіт тарапынан әрдайым қолдау көрсетіледі. “Бала қажы” мешітіндегі бас имамнан бастап барлық имамдар жастың да қарттың да бетінен қақпай, керісінше білім алуға үйретіп, дұрыс жолға жетелеуде. Алдағы уақытта “Ақсақалдар мектебінің” аясы тағы да кеңейе түседі деп сенеміз. Алла Тағала баршамыздың білімімізді арттырсын, көкейімізді кеңейтсін, ісімізге береке берсін!

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары