Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау имамдары «Жомарт жұма» акциясына қатысты
24 ақпан, 2022 жыл 338 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласының имамдары жергілікті сауда орталықтарының бірінде өткен «Жомарт жұма» акциясына қатысты. Қасиетті жұма күнінің қарсаңында «БУМ» сауда үйінде орналасқан «Richman» киімдер дүкені арнайы жеңілдіктер негізінде тұтынушыларға қолжетімді бағада өз тауарларын ұсынды.⠀

Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ имамдар діни басқарманың игі бастамасына үн қосып отырған «Richman» дүкенінің әкімшілігіне өз алғыстарын айтты.⠀

Естеріңізге сала кетсек, нарық жүйесінде үрдіске айналып кеткен «Black friday / Қара жұма» акциясының атауын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жомарт жұма» деп өзгерту жайлы ұсыныс айтқан болатын.⠀

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары