Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

САРАН: «БІРЛІГІМІЗ-ЖАРАСҚАН» - КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
20 ақпан, 2022 жыл 260 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2022 - жылды «Ислам-ынтымақ және бірлік» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, Қарағанды облысының бас  имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сәйкес ислам құндылықтары имандылық,бірлік және салауатты өмір қағидаларын жастарға насихаттау жолында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен "БІРЛІГІМІЗ-ЖАРАСҚАН" атты кіші футболдан турнир өтті. Игі іс-шараға Саран қалалық мешітінің  имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы бастама болды. Турнирге жамағат пен шәкірттер қатысты. Саран қаласынан 6, Ақтас кентінен 2 команда, жалпы 8 команда қатысты. Жүлделі 1-орынды "Саран мешітінің шәкірттер" командасы иеленсе, жүлделі 2-орын "БОЛОТА" командасына бұйырды. Ал, жүлделі 3- орынды "САРАН МЕШІТІ" командасы еншіледі. Сондай-ақ қосымша "Үздік ойыншы","Үздік қақпашы" , "Үздік  шабуылшы" , "Үздік қорғаушы", "Сұрмерген" номинациялары берілді. Сондай-ақ Саран қаласының Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Сыздықов Раймбек Өмірбекұлына және

Оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Қуат Талғат Қуатұлына Саран мешітінің атынан Қасиетті Құран кітабы сыйға берілді. Жарыс соңында аймақ имамы Мұхамметқали қажы жастарға батасын беріп, насихат айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары