Қарағанды қалалық «әл-Машани» және Сарышаған кенті мешітінің жамағаттары Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітін зиярат етіп, жақында ғана күрделі жөндеуден өткен мешіт ғимаратымен жан-жақты танысты. ⠀⠀
⠀⠀
Алқалы жиын Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінде ақ дастархан басында жалғасын тапты. Халықтың бірлік-ынтымағы жайында уағыз-насихат айтылып, сүбелі сұхбаттар жүрді.⠀⠀
⠀⠀
Онымен қоса жуырда жамағат игілігіне берілгелі отырған қалалық мешіттің намаз өткізуге арналған ерлер мен әйелдер залы көпшілікке таныстырылды. Сондай-ақ, жиналған жұртшылық енді ғана қызметіне кіріскен мешіт имамы Елдос Қуандықұлының жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀⠀⠀
⠀⠀
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағатаралық бірлік-ынтымақты арттыруға негізделген бұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табатындығын атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жылды «Ислам - ынтымақ және бірлік діні» жылы деп жариялаған болатын.
Пікірлер