Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда «Тегін такси» акциясы жүзеге асты
27 қаңтар, 2022 жыл 411 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің бастамасымен, құлшылық үйінің жанынан ашылған «Sauap» орталығы еріктілерінің қолдауымен «Тегін такси» акциясы өтті.
 
Ізгі шараның ашылуына Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысты.
 
​Қыс мезгіліндегі ауа-райының суықтығына байланысты мешіт еріктілері Қарағанды – Теміртау, Теміртау – Қарағанды бағыттары бойынша көлікке мұқтаж азаматтарға тегін такси қызметін ұсынды.
 
«Аталмыш сауапты шараның өміршең болуына атсалысып, қол ұшын берген мешіт жамағатына, еріктілерге алғыс айтамыз! Алла разы болсын!», деді Өмірзақ қажы Қазкенұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары