Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНДІ
26 қаңтар, 2022 жыл 248 Басып шығару нұсқасы

Теміртау тазалықшыларына көңіл бөлінді
 
Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің бастамасымен, «Sauap» орталығы еріктілерінің қолдауымен «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» атты іс-шара өтті.
 
Табиғаттың алуан түрлі қыры мен сырына қарамастан, он екі ай бойы Теміртау қаласының тазалығына мән беріп, абаттануына күш-жігерін жұмсап жүрген тазалықшы азаматтарға көңіл бөлу мақсатында дін қызметкерлері ізгі шара ұйымдастырды.
 
Шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы және жергілікті еріктілер қатысты.
 
Облыс бас имамының ақ батасынан кейін аталмыш шара барысында көше тазалықшыларына арнайы ыстық тағам және шай үлестірілді.
 
Ауа-райының қолайсыздығына қарамай өз міндеттерін атқарып жүрген азаматтар Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің қызметкерлеріне және еріктілерге рахметін айтып, алғыстарын білдірді.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары