Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖЫЛДЫҢ БАСЫ «ЖЫЛУ ЖҮРЕКПЕН» БАСТАЛДЫ
17 қаңтар, 2022 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Жылдың басы Жылы жүрекпен басталды! 
 
Мыс отаны Жезқазған қаласында Ахмет Ишан Оразайұлы мешітінің имамдары мен  "JYLY JUREK GRUP " қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 100 отбасыға азық-түлік таратылады. Аллаға ұнамды бұл қайырымды іс-шара қақаған суық қаңтар айының 15нші жүлдызында  өтті.
Азық-түлікті мұқтаж отбасылардың үйлеріне таратып беруге келген мешіт жамағаты жүректерінің жылуымен ауа райының суықтығында сезбеді.
Бұл қайырымдылықтың демеушілері қарапайым халық, өзі асып-тасымаса да Құдайдың берген ризығынан мұқтажырақ жандарға бөлісуді олардың жүректеріндегі имандары бұйырған. Жүректе иман болса сол жүректің жылуы өзге жандарға да жылу береді.

Көмек көрсеткен мешіт имамдарына, жамағатына, демеушілерге Алланың разылығы болсын, отбасыларына құт-береке қонсын!

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары