Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«QMDB HALAL» ӨНІМДЕРДІҢ «HALAL GUIDE» ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
21 желтоқсан, 2021 жыл 280 Басып шығару нұсқасы

«QMDB Halal» өнімдердің App Store платформасына арналған «Halal Guide» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Халық сұранысы бойынша дайындалған «Halal Guide» қосымшасының негізгі қызметі – «QMDB Halal» өнімдерді іздеу функциясын қолжетімді ету. «Halal Guide» қосымшасында көрсетілген барлық деректер halaldamu.kz сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалған және әрдайым жаңартылып отырады. Кәсіби мамандардың ұзақмерзімді ізденісі нәтижесінде дайындалған қосымшасының бірнеше артықшылығы бар.

Біріншіден, кез-келген өнім не кәсіпорынның «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен-өтпегенін жылдам тексеру мүмкіндігі;

Екіншіден, өнім қаптамасында көрсетілген «Е тағамдық қоспалардың» рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтаудың жеңілдігі;

Үшіншіден, халал тамақтану орны, ет дүкені секілді кез-келген сертификатталған кәсіпорын мекен-жайының «2 Gis» картасы арқылы көрсетілуі.

Қосымшаны App StorePlay market арқылы жүктеп алуға болады.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары